Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда техникалық мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды

Жаңа талапқа сай, екі колледж салынады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев білім беру саласының  қызметкерлерінің қатысуымен өткен тамыз конференциясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту қала үшін маңызды басымдық болып табылатынын атап өтті.

Құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету және IT-индустрия саласындағы мамандардың үлкен тапшылығы байқалады. Сондықтан биыл ТжКБ саласындағы мемлекеттік тапсырыс 16 500 орынға дейін көбейтілді, оған жергілікті бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлініп, студенттер жаңа мамандықтарға ие болды.

-2023 жылы қалалық тәлімгерлік бағдарламасын енгізу арқылы дуалды білім беру механизмін қайта іске қостық. Студенттер тәжірибе жинақтау үшін өндірістерде еңбек етеді. Әрі оларға айлық ақы төленеді. Енді сол төленетін жалақы жүйесін қаржыландыру көлемін арттыру көзделеді. Бұл  құзыретті орган мен  білім беруші педагогтарды ынталандыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ТжКБ дамыту үшін біз 2025 жылға дейін 1 440 орындық 2 мемлекеттік колледж салуды жоспарлап отырмыз, - деді қала басшысы.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.