Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда театр және кино актерлеріне алғаш рет «Асанәлі» сыйлығы берілді

Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына арналған «Аңыз Асанәлі» атты салтанатты кеш өтті.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау сөздерін айтты. Салтанатты шараға мәдениет қайраткерлері, ақындар, жазушылар және т. б. қатысты.

Кештің басты оқиғасы «Асанәлі» сыйлығымен марапаттау болды. Қазақстандық кинематографтың мэтрі құрметіне тағайындалған марапат бес номинация бойынша берілді. Азамат Сатыбалды үздік киноактер атанды, театрдың үздік актері – Зарина Кармен, үздік кинорежиссер – Әділхан Ержанов, үздік театр режиссері – Гаухар Адай және «театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» сыйлығын Лидия Каденова алды. Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.