Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады

Алматыда тағы 5 жол учаскесінде автобус жолағы пайда болады. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы мәлімдеді.

Қоғамдық көлік жолақтары

  • Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;
  • Халиуллин көшесі мен Тәтібеков көшесінен бастап Райымбек даңғылының Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында;
  • Момышұлы көшесінің Төле биден Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында;
  • Сүйінбай көшесінің Хмельницкий мен Райымбек батыр көшесі аралығында;
  • Солтүстік айналма жолының Рысқұлов пен Москвин көшелерінің аралығында пайда болады.

«Биыл ұзындығы 200 шақырым 283 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 60 шақырымдық 91 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді Қалалық мобилділік басқармасы.

Ақпарат көзі: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.