Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда тағы екі маршруттың автобусы жаңартылды

Олар заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Алматыда 9 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын екі маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылды.

Бұл «Спорт сарайы-«Пионер» тау курорты» бағытындағы №209 және «Спорт сарайы-«Оi-Qaragai» тау курорты» бағытындағы № 210 маршрут.

«ГАЗель» автобустары «Yutong» маркалы орташа сыйымдылықтағы төмен еденді тоғыз метрлік автобустарға ауыстырылды. Автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау және т.б бар. Жалпы сыйымдылығы - 52 орын, оның ішінде 22 орынға отырып, 29 адамға дейін тұруға болады.

Автобустардың жоспарлы саны №209 – 2 жылжымалы бірлік, №210 – 5 бірлік. Бұл ретте, бұрынғы автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

09 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.