Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар.

Алматыда 2022 жылғы 15-16 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге ШҚО және Абай облыстары шаруа қожалықтары мен фермелері қатысады.

Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануар майлары және т. б.).

Өнімнің жалпы көлемі – 168 тонна, оның ішінде:

• Ет өнімі – 40 тонна;

• Жеміс-көкөніс өнімі – 30 тонна;

• Сүт өнімі – 20 тонна;

• Балық өнімдері – 13 тонна;

• Бал – 40 тонна;

• Өзге өнімдер – 25 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында ("Ғылым ордасы" археология мұражайына қарама-қарсы).

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.