Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда шығармашыл жастарды іздестіруге арналған қосымшаның тұсаукесері өтті

Алматы қаласының креативті индустрияларды дамыту кеңесінде ізденушілер мен жұмыс берушілерге арналған «919» қосымшасының тұсаукесері өтті.

Фотографтар, музыканттар, модельдер, вокалистер, видеографтар мен шығармашылық мамандықтардың басқа да өкілдері енді өз жұмыстарын осы қосымшаға жүктей алады. Ал жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастырып, онлайн сұхбаттар мен кастингілерді өткізеді.

Кеңес құрамына енген қосымшаны жасаушылардың айтуынша, платформа тапсырыстар мен орындаушыларды іздестірудің тиімді тетігі болады.

Платформа қолданушыларының географиясы кеңейеді. iOS және Android базасындағы қосымша креативті индустрия саласын дамытудағы маңызды шарттың бірі - шығармашыл мамандардың еңбегін монетизациялауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.