Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда шетелдік туристер ағыны 73%-ға өсті

Алматы қаласы туризм басқармасының ақпаратынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда шетелдік туристер саны 72,6%-ға өсіп, 261,6 мың адамға жетті.

Ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті.

«БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады», – деді басқарма өкілдері.

Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.