Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазартылуда

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Сайран көлін тазарту жұрыстары туралы айтты.

Қала әкімінің айтуынша, Сайран көлінің түбін механикалық тазарту жұмыстары қолға алынған.

«Шілде айында Сайран көлінің түбін механикалық тазарту жобасының сараптамасының қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Ол бойынша жұмыстар қазан айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ қазан айында тұрғындарға қолжетімді демалыс аймағын ұйымдастыру үшін қалаға іргелес аумақты абаттандыру жобасы әзірленіп, жұмыстар жоспар бойынша 2023 жылы басталатынын атап өтті.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.