Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда сауықтыру еңбек және демалыс лагерлерінің қызметкерлері оқытылды

Ағымдағы жылғы 15-16 мамырда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында 42 адамнан тұратын сауықтыру еңбек және демалыс лагерьлерінің қызметкерлерімен 10 сағаттық сабақ өткізілді.

Оқытудың мақсаты – «Азаматтық қорғау туралы» Заңды, ҚР ТЖМ бұйрықтарын зерделеу, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс және жедел іс-қимылдарды үйрету.

Оқу барысында тыңдаушыларға «Жер сілкінісі, сел және көшкін кезіндегі халықтың іс-әрекеті», «Өрт қауіпсіздігі», «ТЖ кезіндегі психологиялық көмек», «Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары» тақырыптарында сабақтар өткізілді.

«Гоша» тренажерінде газқағар кию және жәбірленушіге алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «ТЖ жағдайындағы дабыл чемоданын жинақтау» тәртібі дағдылары қосымша пысықталды.

Айта кету керек, алдағы жазғы демалыс пен шомылу маусымына байланысты тыңдаушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі жеткізілді, бұл кейіннен лагерьлерге келушілерді қорғауды арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ТЖ туындағаны туралы халықты уақтылы хабардар етуге арналған «ДАРМЕН» мобильдік қосымшасының жұмыс принципі көрсетілді.

Алған білімдерін бекіту үшін тыңдаушыларға жоғары білім деңгейін көрсете отырып, қорытынды тестілеуден өтті, ол үшін әрбір әскери қызметшіге оқудан өткені туралы сертификат берілді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.