Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Рүстем Қайдаровтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Бүгін Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы «Генералдар Кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Мемориалдың ашылу салтанатына Алматы әкімі аппаратының басшысы Т. Сәрсенбаев, Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қ. Таймерденов, Р.Қайдаровтың туыстары және құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген қызметкерлері қатысты.

Рүстем Есімханұлы Қайдаров — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО ІІМ- нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құрметті ардагері.

Мемориалды тақта Р .Қайдаров тұрған Мәуленов көшесі, 120 үйге орнатылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.