Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Ресейден мигранттар көбейгенде ашылған ХҚО жабылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы Жетісу ауданында ашылған күшейтілген ХҚО-ның жұмысын тоқтатты.

 «Қазіргі кезде шетел азаматтары тарапынан ЖСН алушылар қатары азаюына орай, бүгіннен, яғни 8 қарашадан бастап Алматыда ашылған күшейтілген ХҚО жабылды. Енді шетелдіктер ЖСН алу үшін кез келген ХҚО-ға немесе «Банк Центр Кредит» бөлімшелеріне жүгіне алады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, шетел азаматтарының ағылып келуіне орай, Халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке сәйкестендіру номерін рәсімдеу үшін, «Құлагер» ықшамауданында күшейтілген ХҚО ашқан болатын.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.