Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда өзі түсіргіш жүк көлігімен 3750 рейс қар шығарылды

Алматы қаласында 17-20 қаңтар аралығында 40 см қар жауды. 21 қаңтарда күндізгі уақытта көшелер мен жолайырықтардағы тоннельден 26 қар тиегіш пен 66 өзі түсіргіш жүк көлігімен жаппай қар шығару жалғасып отыр. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 37,5 мың м3 қар шығарылды, бұл 3750 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.

Айта кетерлігі, қар негізінен көшеде көлік және жол жиегіне қойылған машина аз кезде - түнде шығарылып жатыр, бұл уақытта 40 қар тиегіш пен 80-нен астам өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылды. Соңғы қар жауғаннан басынан бастап 2371 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

Күндізгі уақытта 487 бірлік арнайы техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды. 194 шағын көлемді техникамен тротуарлар мен қоғамдық орындар қолмен күреліп, тазартылып жатыр.

Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері де қолмен тазартылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамынша, бүгін күндіз аздаған қар жауады. Ауа температурасы -6...-8 градус.

22 қаңтар: жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -14...-16, күн -3...-5 градус.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

22 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.