Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда өрттің алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр

Алматыда өрт қауіпсіздігі бойынша күнделікті профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Түсіндірме жұмыстары жылыту аусымынан бұрын басталып, аяқталғанға дейін жалғасады.

Демалыс және мереке күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен ҚР Қызыл жарты ай қоғамының еріктілері ТЖД қызметкерлеріне қосылып, түсіндіріме жұмыстарын жүргізеді, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қатты отынмен пешті қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіреді. Демалыс күндері олар 11200 үйді аралады, 15 кездесу өткізіліп, тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 12000-нан астам нұсқаулық таратылды.

Жексенбі күні Бостандық ауданында әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын 10 датчик орнатылды. Мұндай құрылғыларды орнату жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізілді. Наурызбай ауданында төтенше жағдайлар қызметкерлері бұрын орнатқан газ датчигі 3 баласы бар отбасының өмірін сақтап қалды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.