Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда оқушылардың қорытынды емтиханы мен бітіру кеші қашан өтеді

Алматы қаласының 9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтеді, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5 – 19 маусым аралығында болады.

Ақпаратты ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты. Сондай-ақ, ол бітіру кешін қалай өткізу ұсынылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Қазіргі уақытта 18 мамырдан 5 шілдеге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.

Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Жанат Айтпаева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін 28 маусым мен 1 шілдеаралығында өткізу ұсынылатынын айтты.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектебінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынылады.

"Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады", - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.