Айша-Бибі шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша автобус бағытына өзгеріс енгізілді.
3 қыркүйектен бастап Айша-Бибі шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша № 215 маршрут ұзартылады. Енді ол Хмельницкий көшесімен өтіп, 23-көше - Көрімдік көшесі - Жаяу Мұса көшесі - Рысқұлов даңғылы - Айша бибі көшесімен жүріп өтіп, кері айналады.
Кері бағытта Рысқұлов көшесіне оралып (базардан кейін бұрылады) - Жаяу Мұса көшесі - Көрімдік көшесі - 23-көше, одан әрі схема бойынша қозғалады.
Дереккөз: Almaty.tv.