Алматының Бостандық ауданы «Орбита» ықшамауданында тұратын азаматтардың өтініштері бойынша, Қалалық мобилділік басқармасы №15 автобус бағытының сызбасына өзгеріс енгізді.
25 ақпаннан бастап қозғалыс Науаи көшесінен Мұстафин көшесіне қайта бағытталады, күн сайын бағытқа 23 жылжымалы құрам шығады. Бағытқа тасымалдаушы «Бату travel компаниясы» ЖШС қызмет көрсетеді.
Ақпарат көзі: Алматы қ. Қалалық мобилділік басқармасы