Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №121 бағыттың автобустары жаңарды

«Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа Zhongtong автобустарының кезекті легін алды. Олар 16 қаңтардан бастап қала көшелеріне шықты.

Көптеген өтініш бойынша 121 бағыттың паркі 100% жаңарды.

Жоспарлы 18 көлік бағыт бойынша жүреді және тағы екеуі резервте.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» қондырғысы орнатылған соң автобустар жұмыс істеуге дайын. Автобустар табиғи газбен жүреді (CNG), кондиционер және бейнебақылау орнатылған.

Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.