Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолының өткізу режимі бекітілгенін және жаяу жүргіншілер мен автомобильдер қозғалысы шектелген

Ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап «Медеу-Шымбұлақ» жолында осы көктемде құлаған тастардың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған байланысты «Медеу-Шымбұлақ» автожолында өткізу режимі бекітілген еді. Жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады.

Электромобил және такси жүргізушілеріне сағат 09:00-ге дейін және сағат 18:00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13:00-ден 14:00-ге дейінгі кезеңде тек техникалық қызметтердің арнайы көлігіне кіруге рұқсат етіледі. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады.

Жоба аясында тастарды түсіру және кедергілерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған.

Бұдан басқа, 2024 жылдың көктемінде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Барлық туристер мен тұрғындардан өтуге болатын жолдарда абай болуды сұраймыз.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.