Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Медеу» бағытындағы автобустар жаңарды

Алматыда қоғамдық көлікті дамыту бойынша жұмыс аясында бағыттарда жылжымалы құрамды жаңарту жалғасуда.

6 наурыздан бастап №12 бағытта Теміржол вокзалы-2 – «Медеу» БТК қатынайтын автобустар толығымен жаңарды. Бағыттарда жоспарлы шығу жұмыс күндері 16 және демалыс күндері 20 жылжымалы бірлікті құрайды.

Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықтармен, соның ішінде кондиционерлеу, бейнебақылау жүйелерімен және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторларымен жабдықталған. Сонымен қатар, салон ағымдағы және келесі аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылған.

Бұл ретте босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.