Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда әлеуметтік жауапты бизнес азық-түлік бағасын төмендетті

«ПТО Ер-Төстік» ЖШС қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеке бөлшек сауда дүкені арқылы сатуға дайындығын білдірді.

«Алматы» СПК» АҚ мен компания арасында Меморандумға қол қойылып, фирмалық дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 89 мекен-жайындағы келесі өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алуға болады:

  • 1 сұрыпты ұн бағасы 115 тг/кг;
  • 1-ші санаттағы тауық жұмыртқасы 290 теңге/10 дана;
  • тауық еті 750 теңге/кг;
  • қант-250 тг/кг баға бойынша.

Сондай-ақ, компанияның дүкенінде келесі өнімдер сатылады:

  • жоғары сұрыпты ұн-130 тг/кг,
  • таңдаулы жұмыртқа-350 тг/ 10 дана,
  • бройлер тауықтары – 890 теңге/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: www.almatyazyk.kz.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша шағын сауда орындарының иелері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілерден тікелей жеткізу үшін сенім телефоны ашылды: +7 707 787 9535.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.