Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жаңа асфальтты зақымдаған мердігер жазаланады

24 тамызда кешкі уақытта Алматыда топырақты шаю салдарынан заманауи өнер мұражайын салу үшін инженерлік желілерді тартумен айналысатын «Парсек ltd» ЖШС мердігерлік ұйымының кәріз жүйесіне заңсыз енген.

Соның салдарынан Әл-Фараби даңғылының учаскесіндегі жол төсемі (Назарбаев даңғылына оң жақ съезі, оңтүстік-батыс бұрышы) зақымданды.

Қалалық қызметтер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зақымдалған учаскеге жедел жөндеу жүргізді (асфальтбетон жабынын одан әрі қалпына келтіре отырып, бос орынды ашу және толтыру).

Құбырды төсеу (диаметрі 50 см) мұражай жағынан құдықтан жол бойындағы құдыққа дейін қазу әдісімен жүргізілгені анықталды, бұл ретте топырақ дұрыс тығыздалмаған сол себепті жол төсемінің (шеткі жолақ) тұтастығы зақымданған.

Мердігер жазаланады және тиісті әкімшілік шаралар қабылданады. Жол төсемін қалпына келтіру мердігер есебінен жүзеге асырылады. Жолақтың еніне асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын 26 тамызда сағат 23:00 - ден 06:00-ге дейін жолдың ішінара жабылуымен (Назарбаев даңғылына оң жақ съезд, оңтүстік-батыс бұрышы) қайта төсеу жоспарлануда.

 

Источник: Служба по связям с общественностью акимата города Алматы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.