Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қылмыс барлық бағыттар бойынша 47,8%-ға қысқарды — Қ. Таймерденов

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

2019 жылдың қылмыстық ахуалын талдау негізінде қала Әкімінің тапсырмасымен полицияның 41 стационарлық модульдік посттары құрылды, оның 4-і туристік полицияға және 37 (5 үлкен және 32 кіші) ең криминогенді аудандарда орнатылған.

Модульдік посттарда күндізгі уақытта учаскелік инспекторлар, түнде патрульдік полиция Полкінің екі инспекторы қызмет етеді.

Орнатылған модульдік полиция посттары қаладағы қылмыс жағдайына оң әсер етті.

Стационарлық посттар құрылған, жаяу патрульдеу күшейтілген жерлерде құқық бұзушылықтардың азаюы байқалады, алғыс білдіретін жергілікті тұрғындардың көптеген оң пікірлері бар, бұл олардың жұмысының тиімділігін көрсетеді.

Стационарлық полиция посттары орналастырылған сәттен бастап 7 мыңнан астам азамат өтініш білдірді, олардың өтініштері бойынша 43 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, 2200 әкімшілік іс қозғалды, 816 өтініш бойынша жауап шаралары қабылданды, 949 азаматқа заңгерлік көмек және кеңестер берілді.

Жалпы, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қалада қылмыс барлық бағыттар бойынша 47,8% төмендеді. Сонымен қатар, модульдік посттар орнатылған жерлерде қылмыс деңгейі орта есеппен 60% төмендеді.

Қазіргі уақытта тағы 7 модульдік постты бөлу мәселесі қарастырылуда.

Күніне орта есеппен 550 мың криминогендік маршрутты үш ауысымда күзететін 1 мың 650 полиция қызметкері (жаяу — 1110, автокөлікпен — 540) күзетке шығады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.