Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда құтқару үйшіктері вандализмнен кейін қалпына келтірілді

Кез-келген адам үйшікті тегін пайдалана алады.

Алматы қаласының туризм басқармасы демеушілік қолдауымен «Лунная поляна» құтқару үйшігінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, оның барысында есік, терезе, жатын орын және үйшік қабырғалары қалпына келтірілді.

Бүгінде нысан одан әрі пайдалануға толық дайын.

Биыл жазда үйшікті вандалдар бұзып, күйретіп кеткен. Құтқару үйшігінің болаттан жасалған есігі бүлініп, терезе сынған, қабырғалары майысқан, төсек орны өртенген.

Алматы тауларында теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан «Лунная поляна» құтқару үйшіктері ауа-райынан пана, адасқан туристер үшін түнеу орны және қиын жағдайларда көмек күту орны ретінде қызмет етеді.

Таулардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар аясында соңғы бірнеше жылда қалалық Туризм басқармасы таулы жерлердің шалғай учаскелерінде 18 тау үйшігін орнатты. Олардың орны 2GIS қосымшасында белгіленген. Құтқару нысандары күн панельдерімен және барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар ішінде алғашқы медициналық көмек жинағы бар.

Кез-келген адам үйшікті тегін пайдалана алады, алайда қауіпсіздігі туристердің өзіне байланысты екенін еске салады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.