Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілді

Мердігерлерді ғимараттар мен жолдарды салу барысында нормалар мен ережелерді бұзғандары үшін мемлекеттік лицензиядан айырады. Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев кемшіліктерді анықтау және олардың алдын алу туралы айтып берді.

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс жұмыстарында стандарттардың сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

О. Төлебаевтың дерегі бойынша, қазіргі кезде қала аумағында 664 құрылыс нысаны, оның ішінде 202 бюджеттік және 462 коммерциялық нысан бар екенін хабарлады.

Қала құрылысын бақылау басқармасының қызметкерлері жүргізген тексерулер барысында 1 112 бұзушылық анықталды, оның ішінде сапа мен технологияларды сақтамағандар, жобалық шешімдерден ауытқығандар саны - 208, жұмыс өндірісін сапасыз ұйымдастырғандар – 854 және заңсыз құрылыс жүргізгендер саны – 50.

«Кемшілік жібергендерге қатысты жалпы сомасы 207,8 млн теңгенің 1 078 хаттама жазылды, олқылықтардың орнын толтыруға 183 нұсқау берілді, ескертулерді жоймаған 103 нысан бойынша материалдар сотқа жіберілді», - деді Олжас Төлебаев.

Бұл ретте құрылыс сапасы бойынша анықталған бұзушылықтардың негізгі бөлігі бюджет есебінен салынып жатқан нысандарға тиесілі. Коммерциялық нысандарда да кемшіліктер жетерлік.

«Біз құрылыс өндірісін ұйымдастыруда олқылықтарды жиі анықтаймыз. Мысалы, қоршауларды, жаяу жүргінші траптарын орнату, құрылыс материалдарын қоймаларға жинау, сондай-ақ нысанда атқарушы техникалық құжаттарды рәсімдеу кезінде, бетон жұмыстары технологиясы, қайта жабу, асфальтбетон жабынын төсеу, жобалық шешімдерді бұзу сияқты өрескел олқылықтардың бетін ашамыз», - деді басқарма өкілі.

Бұдан өзге, құрылыс нысандарында тиісті бақылаудың жоқтығы салдарынан техникалық бақылаудың 54 ұйымы жауапқа тартылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.