Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілетін орындар қандай

Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты.

Мегаполисте биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты.

Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді.

«Алматы қаласының әкімдігі тарапынан офлайн форматта құрбандық шалуға және мал сатуға рұқсат етілген қала аумағында арнайы 13 орын бекітілді», – дейді Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби.

Атап айтар болсақ, Алатау ауданы бойынша – Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті;

- Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті;

- Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті;

- Наурызбай батыр ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары;

- Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті; - Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті.

Құрбан Айт – мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.