№5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева қаланың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында карантин кезінде қала тұрғындарының медициналық қызметтерді қалай алатындығы туралы айтып берді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі және медициналық мекемелер аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, қалалық емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Кеңес алу барысында пациенттер емделуге тағайындаулар алып, анализ тапсыруға және жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама алды.
«Онлайн кеңес жақсы нәтиже берді. Науқастардың шағымдарын, жан-жақты берілген мәліметтерін тыңдау арқылы антибиотикотерапия қажет пе, жоқ па, соны анықтауға болады", — деді Лаура Малдыбаева.
Онлайн кеңес дәрігерлерге науқастарды қадағалауға, уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Онлайн-кеңестер маусым айынан бері өткізіліп келеді. №5 қалалық емхананың 3000-нан астам пациенті, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша онлайн кеңес алды.
«Күніне бір дәрігерге 30 онлайн-кеңес беріледі. Кеңестер түрлі бағыт бойынша жүргізіледі. Көбінесе пневмония, ентігу, кеуде аймағындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы мәселелері бойынша кеңес беріледі. Көбіне терапевтік бағыт бойынша кеңестер беріледі», — деді Лаура Малдыбаева.
Тегін онлайн- кеңеске жазылу үшін +7(727)344-98-04 нөміріне хабарласу керек.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі