Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Құлжа тасжолында уақытша жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді

Жаяу жүргіншілер тасжолдың оң жағындағы тротуар бойымен жүреді.

Құлжа тасжолының бойында жаяу жүргіншілер жолағы пайда болады. Оны «Аспан Сити» ТК құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өз есебінен салатын болады.

Бүгінде Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысындағы жолайрығы бойымен барлық бағытта  көлік қозғалысы ашық. Сонымен қатар, бекітілген жобаға сәйкес барлық жаяу жүргінші өткелдерін жайластыру бойынша жұмыстар да орындалды.

Құлжа тасжолы бойынша оңтүстік және солтүстік бөліктерінде жаяу жүргіншілер қозғалысы №3, 4 съездер арқылы эстакаданың астындағы «зебра» бойымен жүзеге асырылады.

Жолайрығы шегінде жаяу жүргіншілер қозғалысы оң жақ съездер бойындағы тротуарлар бойынша жүзеге асырылады - қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысы жоба бойынша  қамтамасыз етіледі. Сондықтан жобаға сәйкес, уақытша жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.