Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда кәсіпкерлердің қолдауымен «Qamqor» акциясы басталады

Алматы қаласында 25 мамырдан бастап «Qamqor» акциясы басталады. Бұл акцияны ұйымдастырушылар – Бостандық ауданының әкімдігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының Бостандық аудандық филиалы.

Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға ынталандыру, акция барысында кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге түрлі жеңілдіктер ұсынады. Вакциналану паспортын көрсеткен соң ұнаған түрлі тауарлар мен қызмет көрсетуге белгіленген жеңілдіктерді алуға болады.

Бұл жобаға Бостандық ауданының кәсіпкерлік нысандары қатысады, олар мыналар:

• «KINOPARK 5» кинотеатры, (Тимирязев к-сі, 42) «Atakent Mall» ОСО - 20% жеңілдік;

• «Brooklyn fitness gym» фитнес орталығы, («Керемет» шағын ауданы, 7) - жеңілдік 20%;

• «Траснформа» перформативтік өнер театры, (Байзақов көш, 280) - 5% жеңілдік;

• «Almaty Doner» қоғамдық тамақтану орны, (Абай даңғ., 34) - 10% жеңілдік;

• «GAME ON» компьютерлық клубтар желісі, («Керемет» шағын ауданы, 7); (Розыбакиев көш., 111); (Бұқар жырау көш., 27/5, блок 1) - 20% жеңілдік;

• «Coffee and parfait bar» кофейнясы, («Esentai Mall» ОСО, 4-қабат) - 20% жеңілдік;

• «Асем тау» демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) - 10% жеңілдік;

• «Tsarskaya» қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көш., 187) - 10% жеңілдік;

• «METRO» ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке), (Жандосов даңғ., 2б) - 10% жеңілдік.

Осылайша, аудан кәсіпкерлері коронавирустік инфекция пандемиясына қарсы күреске өздерінің үлесін қоспақшы. Сонымен қатар, еліміздің барша кәсіпкерлерін бірігуге және осы акцияны қолдауға шақырады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.