Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда кәсіпкерлер жеңілдетілген несие ала алады

Қаржы 2 апта ішінде банктерге таратылады.

Алматыда 2 аптадан кейін кәсіпкерлер «Жаңа бизнес» бойынша жеңілдетілген несие ала алады. 5 миллиард теңге «Даму» қорына аударылып, әрі қарай екінші деңгейлі банктерге үлестіріледі. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес бизнес өкілдері 6 пайызбен 100 миллион теңгеге дейін несие рәсімдей алады.

«Жаңа бизнес туралы айтып кетсем, 6 пайызбен 100 миллион теңгеге дейін 7 жылға бөліп төлеп несие алуға болады. Сол бойынша біз «Даму» қорына ақша жібердік.  Қаржы 2 апта ішінде банктерге таратылады», – деді Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Әділ Жанкин.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.