Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шара өтеді

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау, веложарыс, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. жоспарланған.

Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында қала басшылығының, жастар жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды жаппай орындау жоспарлануда.

Сағат 11:00-де қаланың барлық ауданында әнұран бірмезетте орындалады.

Сағат 12:00-де Шевченко көшесі бойымен М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін веложарыс өтеді, оған әркім қатыса алады. Жарысты бастамастан бұрын барлық қатысушыға жалаушалар таратылады, мәреге жеткен кезде ҚР әнұранын жаппай орындау ұйымдастырылады.

Сағат 19:30-да Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, «Made in KZ» тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Концерттен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.