Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ.06:00 аралығынд Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.

"Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 14 қыркүйек сағ. 21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі. Ал 14 қыркүйек сағ.21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.