Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Жыл соңына дейін Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Кездесуге келген аудан тұрғыны автотұрақ мәселесін көтерді.

«Әуезов ауданындағы мәселелердің бірі - автотұрақ. Көшелер машинаға лық толы, көлік жүретін жолдар жартылай жабылып қалған. Нәтижесінде өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері кіре алмай қалады. Көпқабатты автотұрақтар салу керек деп ойлаймын», - деді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаев алдағы уақытта көпқабатты тұрақтар салынатынын мәлім етті.

«Жыл соңына дейін Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бағдарламасын ұсынбақпыз. Бұл аулаларды ішінара босатады. 2023 жылы біз жеке инвесторлармен жұмыс істей бастаймыз», - деп жауап берді қала басшысы.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.