Алматы қаласының әкімдігі «Бақытты отбасы» арнайы қалалық тұрғын үй бағдарламасы аясында 2019 жылғы 11-15 наурыз аралығында өтініштер мен құжаттар қабылданатынын хабарлайды.
Бағдарламаның ресми сайтында www.baqytty-otbasy.kz қатысу шарттарымен танысуға, сондай-ақ онлайн-өтінім беруге болады.
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» шарттары
Коммуналдық қордан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрған азаматтар қатысады.
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қарызы –15 млн теңге;
- Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%;
- Несиенің проценттік мөлшерлемесі – жылына 2%;
- Сатып алатын тұрғын үй – бастапқы нарықтағы тұрғын үй;
- Сатып алатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз.
Өтініштерді және құжаттарды беру портал арқылы жүзеге асырылады. Порталда авторлану үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Оны ХҚКО-да алуға болады.
Қатысушылар тұрғын үйді бастапқы нарықта пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен өздері таңдайды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы