Соңғы рет жол ақысы 2012 жылы көтерілген.
Алматыда қоғамдық көліктердің тарифі қайта қаралады.
Мәселен, жол ақысы зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 10 теңгеге, қолма-қол төлейтіндер үшін 50 теңгеге өспек. Ал Оңай арқылы бұған дейінгі 80 теңгенің орнына енді 100 теңге төлейсіз.
– 2012 жылы соңғы рет өзгерген. Одан бері жанармай және газ бағасы 3 еседен аса қымбаттады. Саймандар 5 ретке дейін қымбаттап кетті. Содан кейін, мына жүргізушілердің жалақысы да өсіп келе жатыр. Жалпы, жан-жақты бағаның қымбаттауының арқасында индексикация қажет болып тұр, – деді Қазақстан автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаев.
Автопарк басшылары компанияның күнделікті табысы жанармай шығынын да өтемейтінін айтты. Яғни, жол ақысын төлеуден түсетін табыс кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақты етуге сеп болмақ. Әрі, мұндай өзгеріс есебінен автобустардың жағдайын ретке келтіруге де мүмкіндік туып отыр.
– 600 автобус жаңартылады. Келесі жылға да жоспарымыз бар. Газбен қамтылған, экологиялық таза автобустар алынады. Алматы қаласы әкімдігінің талабы – кондиционермен қамту. Жүргізушілердің айлығын коммуналдық парк 30 пайызға көтеру жұмысын жүргізіліп жатыр. Ал, жеке парктерде де осы жұмыс атқарылуда, – деді мобилділік басқармасының бөлім басшысы Азамат Ешанқұл.
Дереккөз: Almaty.tv.