Алматыда 6 сәуірден бастап ХҚКО "кезекшілері" жұмыс істейді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының Алматы қаласындағы Фронт-офистері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Алайда жұмыс істейтін азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға уақыттары жоқ деп шағымданады. Қызмет алушылардың тілектеріне байланысты Алматы қаласында 6 сәуірден бастап "кезекші ХҚКО"жұмыс істей бастады.
Қызметті сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ала алмаған азаматтар Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайы бойынша орналасқан Алмалы аудандық ХҚКО-на жүгіне алады. Құжаттаудан басқа барлық қызметтер сағат 20:00-ге дейін көрсетіледі. Автокөлік иелері үшін Түрксіб ауданында, Құлжа тас жолында, 9 км орналасқан №5 Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлім екі сағатқа ұзағырақ жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтердің 90% - ын электронды түрде алуға болады.
Дереккөз: Бостандық ауданы әкімінің аппараты