Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қазақстандық өндірушілерінің Ulttyq Ónim көрмесі өтіп жатыр

Қала әкімі Ерболат Досаев қатысушыларды құттықтады.

Алматы әкімі отандық өндірушілердің Ulttyq Ónim көрмесіне қатысушыларды құттықтады.

Қала басшысы осындай ауқымдағы іс-шараны, отандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Ónim көрмесін өткізу – Алматы мен жалпы ел үшін маңызды оқиға екенін тілге тиек етті.

«Алматы – бизнес және капитал орталығы. Бүгінде шағын және орта бизнес қалалық жұмыспен қамтудың 87% (2022 жылы 998 мыңнан 868,5 мың) үлесін ала отырып, қалалық экономиканың 57,5% қалыптастырады. 2022 жылы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 15,7 трлн теңгеге жетіп, 31,1% өсімді көрсетті», - деді қала әкімі Е.Досаев өз сөзінде.

ШОБ кәсіпкерлік бастамасының арқасында бүгінде қала ел экономикасының бестен бір бөлігін (2022 жылы 18,5%) және Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірістерінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.

Биыл жыл басынан бастап мегаполисте іскерлік белсенділіктің айтарлықтай өсуі байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ға дейін өсті.

«ШОБ дамыту әрқашан біздің назарымызда. Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында басым бағыттағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін 44 млрд теңге бөлінді.  Отандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Ónim көрмесі Қазақстанда 7 рет, Алматыда бірінші рет өткізіледі. Біз сіздермен келесі жылы да кездесеміз деп үміттенемін. Бүгінде көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен экономиканың түрлі саласындағы 300-ден астам отандық компания қатысады. Сіздерге жемісті әрі сындарлы кездесу, жаңа келісімшарт жасауларыңызды және біздің сүйікті Алматы қаласында уақытты жақсы өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспін!» - деді Алматы әкімі Е.Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.