Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Қарғалы өзенінің жағалауы абаттандырылады

Жайлы қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Қараша айына дейін ауданда 3 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне толық жөнделеді.

"Қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көгалдандырумен, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнатумен және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км қоғамдық орындарды абаттандыруды бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.

3 учаскедегі жасыл желектерге тиісті күтім жасау үшін (Ақжар ш/а екі сквер және Алатау даңғ.) қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстарын аяқтайды.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.