Алматыда WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Алматылық спортшылар 4 медальмен (3 алтын, 1 күміс) иеленді.
Жеңіс тұғырына көтерілген үздік спортшылар:
Алтын медаль:
76 кг: Қадырғали Алихан
55 кг: Самашева Белла
50 кг: Шеризат Ақниет
Күміс медаль:
68 кг: Даренская Даяна
Естеріңізге сала кетейік, Азияның 30 елінен 600-ден астам каратэші түрлі салмақ дәрежесінде "үздік" атағына таласты. Оның 39-ы - қазақстандық спортшылар.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға жайғасты.
Осы спорт түрінің негізін салған жапондық спортшылар 2023 жылғы Чемпионаттың көшбасшысы атанды.
Дереккөз: Almaty.tv.