Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қандай қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгереді

Өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында іске аспақ

Апаттық жағдайлардың алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында 9 қаңтардан бастап № 59, №113 "Алматыэлектротранс" ЖШС маршруттарының бағыты өзгертіледі.

Енді олар Құлжа трактімен ШААЖ-қа қарай жүріп бара жатқанда Рысқұлов даңғылына шықпай көпірдің үстімен жүріп өтетін болады.

Сонымен қатар 10 қаңтардан бастап № 53 маршруттың соңғы аялдамасы өзгертіледі.

Енді ол Кемертоған ауылына  дейін жүріп, "Мектеп" аялдамасынан бұрылады да, кері қарай сызбасы бойынша қозғалады. Маршрутта 8 автобустың орнына 11 жаңа  жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.