Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қалалық маршруттарда автобустар жаңартылуда

Биыл 31 тамыздан бастап №38, 38а және №37 маршруттарына жаңартылған 18 метрлік 60 автобусты желіге шығару жоспарлануда. Бұған дейін жылжымалы бірліктердің жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Автобустардың жаңартылуымен қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды деп күтілуде.

Айта кету керек, босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстыратын болады.

Осылайша, №201 маршрутта 24 бірлік 18 метрлік автобус қызмет көрсетеді. Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейінгі уақытты құрайтын, жылжымалы бірліктерді күшейтумен қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін азаяды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып жатыр.

100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығарылып жатыр. Бұған дейін №24 және №125 маршруттардың жылжымалы бірліктері жаңартылған болатын.

Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.