Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қалалық идеялардың дизайны бойынша хакатон өткізілді

2 желтоқсанда "Almaty Creative" креативті индустрияларды дамыту орталығы DS Academy және AlmaU-мен бірлесіп жас дизайнерлер, бағдарламашылар және геймдевелоперлер арасында хакатон өткізілді.

Almaty creative креативті индустрияларды дамыту орталығының бас директор орынбасарының м.а. Бақыт Елубаеваның айтуынша, хакатонның мақсаты креативті индустрияның жаңа таланттарын ашу болып табылады.

"Хакатонда біз қалалық ортаны жақсартуға және байытуға, ойын әлемін құруға мүмкіндік беретін инновациялық, функционалды және көрнекі тартымды қалалық құрылымдар мен элементтерді дамытуға жағдай жасаймыз. Ол үшін біз дизайн саласындағы танымал әзірлеушілер мен сарапшыларды және геймдевті шақырдық", ― деді ол.

Өз шеберлік сабақтарын концепт-суретші, мейтпейнтер Данияр Кдыров, grimlore Games-те компьютерлік ойындардың сценаристі және әзірлеушісі Арсений Дериглазов, "өндіріске арналған Дизайн" бағыты бойынша сәулет магистрі, UCL, Бартлетт Сәулет мектебі Мария Ли, Xwargame геймплей аниматоры Сергей Лопатин, SAP жетекші әзірлеушісі Тимур Бакибаев сияқты шақырылған мамандар өткізді.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.