Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды

Қозғалыс аралығы – 12 минут.

Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді.

ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы басқарма 25 елдімекенді қамтитын 10 жаңа қала маңындағы маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.  Бұрын 5 маршрут ашылған еді, қалған 4-дайындық үстінде.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңына қатынайтын бағытты ашу көзделген. Соның есебінен 50 елдімекен қамтамасыз етіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.