Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қала маңына қатынайтын оныншы жаңа бағыт іске қосылуда

Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанынан бастап Б. Момышұлы метро станциясы мен Ашекеев кенті арасында қатынайтын №244 жаңа қала маңы маршрут іске қосылды.

Желіде 13 минут жиілікпен 13 жылжымалы бірлік қызмет көрсететді.

Алматы агломерациясын дамыту аясында биыл Қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңы маршрутын ашуды жоспарлаған болатын.

Бұл ағымдағы жылы іске қосылған қала маңына қатынайтын оныншы бағыт.

Бұған дейін 9 бағыт іске қосылған: №216 «Дәулет кенті - Алматы-1 т/ж вокзалы», №223 «Туғанбай кенті – Нұра кенті – Алматы-1 т/ж вокзалы», №232 «Жүздібастау кенті – Алматы-2 т/ж вокзалы», №233 «Қараой кенті – Саяхат», №234 «Еламан кенті - Алтай-1 ш/а (ВАЗ)», №235 «Исаево кенті - Сәлем базары», №236 «Қарғалы кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы», №240 «Батыр кенті – Адем-1 СҮ» және №247 «Мыңбаев кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы».

2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.