Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады

25 елді мекенді қамтитын автобус бағыты ұйымдастырылады.

Биыл 20 қазанынан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.

Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.

Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.