Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда инватакси саны 2 есе көбейді

Инватакси ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа қызмет көрсетеді.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлімдеді.

"Алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша ай сайын ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа мегаполис шегінде қызмет көрсететін «Инватакси» қызметін қаржыландыру мәселесі қайта қаралды", - деді мегаполис басшысы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, бұрын 46 автокөлік болған. Көліктің жетіспеуі көрсетілетін қызметтің сапасына әсер етті. Мәселені шешу үшін олардың саны 2 есеге, яғни 100 көлікке дейін көбейтілді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.             

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.