Сайт іске қосылған сәттен бастап, Алматыда әзірлік бағалауынан өтуге және санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға сауданың 96 ірі нысаны тапсырыс берді.
Олардың қатарында, алаңы 2000 шаршы метрден жоғары сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары), сауда үйлері және көтерме/бөлшек сауда нысандары, сондай-ақ төбесі жабылған азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар бар.
Ағымдағы сәтке, қызметін қайта бастау үшін 81 нысанға (оның ішінде, «Достық Плаза», «Глобус», «Орталық Әмбебап Дүкені», «Алматы Мега Орталығы», «Гранд Парк», «Атакент Молл», «Форум», «Мәскеу», «Maxima» СОО, «КарСити», «Армада», «Масато», «Алматы Алтын Базары», «Абди» СО, «Кенжехан-1,2», «Ақ-Бұлақ», «Алатау-2», «Өжет», «Көтерме сауда базары», «Тастақ», «Ялян», «Байсат», «Көк Базар» және т.б.) рұқсат берілді, 15 нысан бойынша – ескертулер анықталып, оларға бұзушылықтарды жою және пысықтау үшін қосымша уақыт берілді.
«Жиі берілетін ескертулер – әлеуметтік қашықтық үшін еден таңбаларының, санитайзерлер қорының, бутиктерге кіру топтарындағы маңдайшалардың және т.б. болмауы», – деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов, – сондай-ақ, біз үздіксіз ауа беріп тұру үшін, ауа тазартқыш жүйелері мен салқындату жүйелеріне, стационарлық және қол дене қызуын тексеретін құралдарының бар-жоғына тексеру жүргіземіз».
Мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, нысанға келушілердің бір жолғы толықтығының 30%-на ғана рұқсат етіледі. Қызметкерлерден міндетті түрде бір жолы ғана киетін қолғап, бетперде кию және әрбір бутиктердің кіре берісінде келушілердің рұқсат етілетін саны туралы көрнекі ақпаратты орналастыру талап етіледі.
Санитариялық талаптардың толық тізбесімен infokazakhstan.kz сайтында танысуға болады, сондай-ақ мониторингтік топтың тексеру жүргізуіне тапсырыс беруге болады. Нысанның әзірлік бағалауын Алматы қаласы бойынша Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қызметкерлерінен, аудандық әкімдіктер мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құралған жұмыс комиссиясы жүргізеді.
Қала бойынша барлығы 134 сауда нысаны аудиттен өтуге жатады. Тапсырыс қабылдау 2020 жылғы 15 тамыздан бастап ашылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі