«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Білім және ғылым министрілігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған шара қарашаның 10-11 күндері «Бақшасарай» қабылдау үйінде өтеді.
Биыл Hackday келесі секцияларға бөлінген: «Кино және видео», «Контент және медиа», «Ақпараттық технологиялар», «Мобилдік технологиялар», «Дизайн және анимация».
Фестиваль форматы – 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін жобаны әзірлеу. Осы уақыт ішінде қатысушылар өз секциялары бойынша тапсырмаларға шешімдер табуы қажет. Тапсырмаларды ұйымдастырушылар мен серіктестер береді.
Идеялар фестиваліне 10-11 сынып оқушылары, университет және колледж студенттері т.б. қатыса алады.
Қатысамын деушілерге http://www.hackday2018.kz/ сайтында тіркелу қажет.