Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда газ құбырын жаңалау жұмыстарына байланысты Папанин көшесінде жүру шектеледі

Алматыдағы Папанин көшесінде жерасты газ құбырында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына орай автомотокөліктердің жүруі шектеледі.

Бұл шектеу 2023 жылдың 15-тамызы мен 15-қарашасы аралығында Түрксіб ауданының Папанин көшесінің бойында, аталмыш көшенің Беляков көшесімен қиылысынан бастап Руставели көшесінің қиылысына дейін қойылады (Папанин көшесі, 53а).

Жоғарыда аталған жұмыс Алматы қаласының газ бөлу жүйесінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту және жерасты газ құбырларын жаңалау мақсатында жүргізіліп жатыр. Бұл шара өз кезегінде апаттық жағдайлардың азаюына және мегаполис халқына үздіксіз газ беру мүмкіндігінің артуына септігін тигізеді.

Өз бағыт-бағдарыңызды алдын-ала ойластыруыңызды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.