Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ереже бұзған мопед жүргізушілері анықталды

Алматыда үш күн ішінде тәртіп бұзған 62 мопед жүргізушісі анықталды.

Полиция қызметкерлері үш күн ішінде мопед жүргізушілерінің арасынан 62 тәртіп бұзушыны анықтады. Алматыда автокөлік жүргізушілерінің көліктік тәртібін арттыру мақсатында мотокөліктерді қауіпсіз жүргізу және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Ауданымыздың патрульдік полицейлері жүргізген рейдтік іс-шара барысында мопед жүргізушілері тарапынан жасалған 62 құқық бұзушылықты анықтады. Әкімшілік ықпал ету шаралары ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының талаптарына сәйкес жүргізілді. Айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Сонымен қатар жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік мәдениетін арттыруға шақырамыз. Биылғы жылдың төрт айында ғана Алматы жолдарында мопедтердің қатысуымен 309 жол-көлік оқиғасы болды. Өкінішке орай, бір адам қаза тауып, тағы 333 адам жарақат алды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 

Ақпарат көзі: Polisia.kz

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.