Ертең, 21 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтеді. 235 адам тест тапсырады.
Оқушылар мен тәрбиеленушілерлің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сонымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған:
- Баррикадалық шектеу ленталары орнатылған және тест тапсырушылар арасында кем дегенде екі метр қашықтық сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есе аз болмақ, ол үшін 15 аудитория әзірленген; - Тепловизорлар; - Бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы; - Тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар; - Дезинфекциялау тунелі; - Жедел медицина көлігі; - Дензинфекциялық кілемшелер; - Қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер; - Санитайзерлер; - Медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры; - Мемлекеттік комисиия мүшелері үшін маскалар.
Сонымен бірге, барлық аудиторияларда бейнебақылау камералары орнатылған.
Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады. Еске сала кетейік, Алматыда барлығы 14 972 адам тест тапсырады деп жоспарлануда, соның ішінде 9047-сі(97%) биылғы жылдың түлектері болса, 5925-і өткен жылдардың және колледждердің түлектері.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі